«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Сара Назарбаева ауруханадан шықты

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, науқас емдеу курсын аяқтап, 2026 жылғы қаңтарда шығып, дәрігерлердің амбулаториялық бақылауына жіберілген.

Дәрігерлер оның денсаулығы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жататынын және жария етілмейтінін атап өтті.

Еске салсақ, Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені жөніндегі ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда тараған болатын. Ол кезде оның жағдайы ауыр екені хабарланған. Кейін әлеуметтік желілерде оның қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарап, ресми дереккөздер бұл мәліметті жоққа шығарды.

2025 жылғы қазанда Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуір айынан бері Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатқанын мәлімдеген. Осылайша, ол дәрігерлердің бақылауында шамамен тоғыз ай болған.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Қытай композиторы Си Синхайдың ескерткіші жаңғыртылады

Redaktor Shyn-Ar

ЖОО-ға түсушілерге маңызды жаңалық: Министрлік шекті баллдарды жариялады

Redaktor Shyn-Ar

Елімізде азаматтар бір-біріне «Мына тілде сөйле!» деп мәжбүрлемеуге тиіс