«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Қазақстанда орташа жалақы 473 мың теңгеден асты

Елімізде орташа айлық жалақы 473 158 теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың IV тоқсанында медианалық жалақы 339 912 теңгені құраған. Ал орташа атаулы жалақы 473 158 теңге деңгейінде қалыптасты.

Мамандардың пікірінше, бұл көрсеткіштің өсуі жыл соңында төленетін қосымша үстемақылар мен мерекелік сыйақылармен байланысты.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Ақмола облысында байқалды — 17,4%. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (13,1%), Абай облысы (11,7%), Алматы қаласы (11,5%) және Жетісу облысы (11,2%) көш бастап тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Россия и США: мир в ожидании переговоров Путина и Трампа на Аляске

Жолаушылар енді пойыздың нақты қай жерде келе жатқанын онлайн режимде бақылай алады

Ақорда Тоқаевтың маңызды үндеуін жариялады