«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратЗаң

18 миллион: Бухгалтер өзіне де, күйеуіне де заңсыз ақша аударған

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде жүргізілген тексеру барысында қаржылық заңбұзушылықтарды әшкереледі. Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған. Сонымен қатар, іс жүзінде жұмыс істемеген жұбайының атына да заңсыз түрде жалақы аударып келген.

Тексеру нәтижесінде 18 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда да осыған ұқсас жағдай тіркеліп, бухгалтер колледж қаражатын жымқырып, 70 миллион теңгеге пәтер сатып алып, несиесін өтегені белгілі болған.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда LRT 2029 жылы іске қосылады: экологтар жобадан кемшіліктер тапты

Алматыда «Jas CUP» жастар арасындағы футбол турнирі өтті

Redaktor Shyn-Ar

Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа айыппұлдар қолданысқа енді