«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратэкономика

Алматыда LRT 2029 жылы іске қосылады: экологтар жобадан кемшіліктер тапты

Алматы қаласында LRT желісінің бірінші кезеңі 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. 17 ақпанда экологиялық порталға 18,3 шақырымдық желі құрылысына қатысты қоғамдық талқылау материалдары жарияланды.

Жоба Алатау ауданының индустриялық аймағын Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады. Бағыт Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, одан әрі Абылай хан даңғылы арқылы “Райымбек батыр” көлік-транзиттік торабына дейін өтеді. Жобалаушы – “Метропроект” ЖШС.

Экологтар жобадан сегіз кемшілік тапқан. Атап айтқанда, ауа сапасына әсері, шаң мен рельс тозуы, су пайдалану есебі толық көрсетілмеген. Сондай-ақ желінің Есентай және Үлкен Алматы өзендерімен қиылысуына байланысты су қорғау аймақтарын сақтау және ластану тәуекелдерін бағалау мәселелері көтерілген. Бұдан бөлек, жасыл желектерге әсері, құрылыс қалдықтарының көлемі, шу мен діріл деңгейі жеткілікті талданбағаны айтылды.

Қала билігінің мәліметінше, бағыт өзгермейді. Желіде 34 аялдама болады. Құрылыс жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Жол ақысы әзірге белгіленбеген, тариф мемлекеттік реттеу мен субсидия көлеміне байланысты болады.

LRT қаланың бірыңғай көлік жүйесіне біріктіріліп, болашақта метро, BRT және автобус бағыттарымен байланысады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша бірден екі рекорд орнатты

Домбыра күніне арналған тағылымды кездесу өтті

Алматының Бостандық ауданында уақытша қозғалыс шектеледі