Ғылым магистрі, бастапқы деректерді қорытындыға айналдыратын деректерді талдау маманы Нұрасыл Әбдіразақұлы Қазақстанның әр өңірінде адамдардың қанша уақыт ораза ұстайтынын есептеп шықты. Ол талдауын 2026 жылғы 20 ақпанда жүргізген. Нәтижесінде ел аумағында ораза ұзақтығы 10 сағат 10 минуттан 11 сағат 10 минутқа дейін өзгеретіні анықталды.
Зерттеу қорытындысы бойынша, оңтүстік өңірлерде тұратын адамдар солтүстік аймақтармен салыстырғанда шамамен бір сағатқа жуық ұзақ ораза ұстайды. Мұндай айырмашылықтың негізгі себебі – географиялық ендік ерекшелігі.
Маманның айтуынша, Қазақстан аумағының кеңдігі күннің шығуы мен батуы арасындағы уақыт айырмасын ұлғайтады. Соның әсерінен бір күннің өзінде елдің әр бөлігінде ораза уақыты айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Осылайша, Рамазан айындағы құлшылық уақыты күнтізбелік күнге ғана емес, өңірдің географиялық орналасуына да тікелей байланысты екені белгілі болды.
Қазақстан мұсылмандары үшін биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталды. 16-сынан 17-сіне қараған түні Қадір түні өтеді. Ал 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Айта кетейік, бұған дейін имам Рамазан айында қазақстандық ерлер жиі жіберетін қателіктер туралы айтқан болатын.
