«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Назарбаевтың тоқалы тағы да көпшілік алдына шықты

Желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырылып айтылатын Әсел Исабаеваның елордада өткен Kazakhstan Fashion Week Astana сән апталығында түскен суреттері тарады.

Исабаевамен бірге түскен фотосын Instagram желісінде Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Әлия Юсупова жариялаған. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде оның сән апталығы аясында Астана аруларымен түскен бірнеше суреті кеңінен бөлісіліп жатыр.

Желі қолданушыларының бірі өз жазбасында оның киім үлгісіне назар аударып, «Оны танитындар біледі: ол көзге ұрып тұратын брендтерді кимейді. Стилі – ерекше, қарапайымдылықтың астарындағы байсалды салтанат» деп пікір білдірген. Пікір жазушылар арасында әртүрлі көзқарас білдіргендер де болды: кейбірі оның сырт келбеті мен стиліне оң баға берсе, енді бірі қоғамдағы мәртебесіне қатысты түрлі пікір қалдырған.

Әсел Исабаева – «Astana Ballet» театрының арт-менеджері. Театрдың ресми деректерінде ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі концепциясының авторларының бірі ретінде көрсетілген. Ашық дереккөздерге сәйкес, ол театрдағы қызметімен қатар Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорын да басқарады.

Көпшілік арасында Әсел Исабаева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырылып айтылады. Ол туралы және екі ұлы — Тауман мен Бәйкен жайлы Назарбаев алғаш рет өзінің «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарлық кітабында жазған. Кітапта автор Әсел Исабаевамен мұсылман жолымен некесін қидырғанын және олардың екі ұл тәрбиелеп отырғанын баяндаған.

Сондай-ақ ашық дереккөздерге сәйкес, Әсел Исабаева 1999 жылы өткен «Мисс Қазақстан» сұлулық байқауында бас жүлдені жеңіп алып, сол жылы Miss World халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысқан. Кей сұхбаттарында ол бала кезінен балерина болуды армандағанын және хореографиялық училищеде білім алғанын айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

«Лаңкестер жағында соғыспақ болған»: Ақтөбелік ер адам үйінде 30 шақты қару сақтаған

Redaktor Shyn-Ar

Сирек металдар: жаңа кен орындары ашылуы мүмкін өңірлер аталды

ЖАҢАРҒАН БАССЕЙННІҢ ЖАСТАРҒА ПАЙДАСЫ МОЛ