2026 жылдың алғашқы бес айында ішкі істер органдары терроризм тұрғысынан осал 2 665 объектіге тексеру жүргізді. Оның ішінде 2 458 тексеру жоспарлы тәртіппен, ал 207-сі жоспардан тыс өткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша объектілердің 72 пайызының терроризмге қарсы қорғалу деңгейі белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар 736 объектіде түрлі заңбұзушылықтар тіркеліп, олардың басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.
Терроризмге қарсы қорғау талаптарын сақтамағаны үшін 263 нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 118 миллион теңгеден асты.
Профилактикалық жұмыстар аясында 3,2 мыңнан астам объектінің басшылары мен меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ оқу-жаттығулар мен оқыту іс-шараларына 237 мыңнан астам қызметкер қатысты.
Бұдан бөлек, терроризмге қарсы қауіпсіздікті жетілдіру мақсатында 48 нұсқаулыққа ревизия жүргізіліп, объектілерді күзету және қорғау талаптарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
