«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпаратэкономика

Қазақстан артық қор болған жағдайда Ресейге жанар-жағармай жеткізуге дайын

Қазақстан Ресей Федерациясынан ресми сұрау түскен жағдайда жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Алайда елдің ішкі нарығын толық әрі тұрақты қамтамасыз ету негізгі басымдық болып қала береді.

Бұл туралы 2026 жылғы 1 шілдеде  Ресейге автомобиль отынын жеткізу мүмкіндігіне қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме бере отырып мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға әзір.

Сонымен қатар министрлік мұндай экспорттық жеткізілімдердің нақты шарттарын да атады.

«Мұнай өнімдерін экспорттау жөніндегі халықаралық келісімдер мен коммерциялық мәмілелер жеткілікті бос ресурстық әлеует болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – басты міндет. Экспорт азаматтар мен ел экономикасының қажеттілігіне қауіп төндірмейтін жағдайда ғана жүзеге асады», – деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 26 маусымда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет дәлізінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Ұқсас жаңалықтар

«Жалған жеңілдік» үшін кәсіпкерлер жазаланады

Тоқаев Грузия премьер-министріне І дәрежелі «Достық» орденін табыстады

«Бір пәтердің бағасы»: Бақбақ гүлін жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтарды таңғалдырды