«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратЗаң

Қазақстанда тыңшылық жасады деген күдікпен өзбекстандық профессор ұсталды

Астанада Өзбекстан азаматы, 46 жастағы профессор Икболжон Карабоев тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол елордадағы жоғары оқу орындарының бірінде халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген.

Профессордың туыстарының айтуынша, Карабоев 3 шілдеде ұсталған. Олардың сөзінше, сол күні азаматтық киімдегі бірнеше адам оның үйіне келіп, профессордың тыңшылық жасады деген күдікке ілінгенін айтқан. Кейін оны алып кеткен.

BBC мәліметінше, Карабоевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы — «Тыңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған бап шет мемлекет немесе ұйымның мүддесі үшін мемлекеттік құпияларды беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетел азаматтарының Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған өзге де мәліметтерді жинауы сияқты әрекеттерді қарастырады.

Карабоев — Өзбекстанның Андижан қаласының тумасы. Ол Астанада жұбайы және кәмелетке толмаған үш баласымен бірге тұрған.

BBC журналистері профессордың ұсталуына қатысты бірнеше апта бойы мән-жайды анықтауға тырысқан. Карабоевпен бұрын бірге жұмыс істеген кейбір зерттеушілер түсініктеме беруден бас тартса, енді бірі аты-жөнін жарияламауды сұраған.

Редакция Қазақстанның құқық қорғау органдарына профессорға қатысты қылмыстық іс бойынша ресми сауал жолдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Газаға әскер жібермек: Трамп Тоқаевқа алғыс айтты

«Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме — Ерлан Қарин

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды