Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеуді аяқтады.
145 депутаттық мандатқа барлығы 545 кандидат тіркелді. Осылайша, бір мандатқа орта есеппен 3,8 үміткерден келеді.
Ең көп кандидат ұсынған – «Әділет» партиясы. Оның тізіміне 186 адам енгізілген, бұл барлық тіркелген кандидаттардың үштен бірінен астамын құрайды. Одан кейін Respublica партиясы – 75, Қазақстанның халық партиясы – 72, «Ауыл» – 69, «Ақ жол» – 63, «Байтақ» – 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат ұсынған.
Барлық партиялық тізімде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар үшін заңда көзделген 30 пайыздық квота сақталды. Бұл санаттағы кандидаттардың ең жоғары үлесі Respublica партиясында тіркеліп, 50,7 пайызды құрады.
Тіркелген кандидаттардың қатарында қазіргі депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, заңгерлер, IT саласының мамандары және өзге де түрлі кәсіп иелері бар.
