«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратәскер

Қазақстанда әскерден босатылғандар қайта шақырылуы мүмкін

Қазақстанда әскерге шақыру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, енді облыстық шақыру комиссиялары аудандық комиссиялардың әскерден босату немесе кейінге қалдыру туралы шешімдерін тексеріп, заңбұзушылық анықталса, олардың күшін жоя алады.

Сондай-ақ облыстық комиссиялар азаматтардың шағымдарын қарап, төменгі деңгейдегі комиссиялардың жұмысына бақылау жүргізеді.

Жаңа тәртіп бойынша, заңсыз босатылғаны анықталған азаматтар қайтадан әскерге шақырылуы мүмкін. Сонымен қатар барлық шешім Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде электронды түрде рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада шетелдіктерге ЖСН заңсыз рәсімделген: іске ХҚКО қызметкерлері қатысқан

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындау тәртібі өзгереді

Тоқаев: Қазақстан жаһандық қиындықтарға қарсы тұра білді

Redaktor Shyn-Ar