«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСот

Сот Бақытжан Байжановтың не себепті бостандыққа шыққанын түсіндірді

Бақытжан Байжанов рақымшылықпен мерзімінен бұрын босатылды

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановқа қатысты негізгі жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту туралы ұсынысты қарады.

Бақытжан Байжанов 2024 жылғы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатқан.

Соттың мәліметінше, мекеме Байжановқа рақымшылық жасау туралы ұсыныс енгізген. Сотталған мен оның қорғаушылары бұл ұсынысты қолдаса, прокурор да оны қанағаттандыру қажет екенін айтқан.

Сот «Рақымшылық жасау туралы» заңның талаптарына сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, тәртібі жақсы және жазасын өтеуіне бір жылдан аз уақыт қалған адамдарға негізгі жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға болатынын атап өтті.

Мекеме ұсынған анықтамаға сәйкес, Байжановтың тәртібі оң бағаланған. Оның жазасының өтелмеген мерзімі 3 ай 18 күнді құраған.

Сот отырысында Байжанов рақымшылық актісін қолдануға қарсылық білдірмеген. Нәтижесінде сот ҚАЖ комитетінің №4 мекемесінің ұсынысын қанағаттандырып, негізгі жазаның өтелмеген бөлігін толық қысқартты. Осыған байланысты Бақытжан Байжанов бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылды.

Алайда сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістердің көп бөлігін Президенттің өзі ұсынды – дейді Ерлан Қарин

Redaktor Shyn-Ar

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Redaktor Shyn-Ar

Жақында «Құрмет» орденін алған Satbayev University проректоры пара алды деген күдікпен ұсталды