«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Украина СІМ Тоқаевтың қақтығысты тоқтату туралы ұсынысын қолдады

Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы әскери қақтығысты тоқтату жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді. Ол бұл бастаманы «шынайы, уақтылы әрі дана үндеу» деп бағалады.

Министр бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазып, Президент Тоқаевқа соғысты тоқтатуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

«Президент Тоқаевтың Путинге соғысты тоқтататын уақыт келгенін айтқанын жоғары бағалаймыз. Бұл – шынайы, уақтылы және дана үндеу», – деп жазды Андрей Сибига.

Оның айтуынша, Украина бұған дейін де майдан шебі бойында әскери іс-қимылды тоқтатып, дипломатиялық келіссөздерге көшу туралы бастама көтерген. Алайда Ресей бұл ұсынысты қабылдамаған.

Сибига сондай-ақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Қазақстан Президентінің ұсынысын да қолдамағанын атап өтті.

«Бұдан шығатын қорытынды біреу: Мәскеу шынайы бейбіт бастамаларды қабылдауы үшін оған қысым күшейтілуі қажет», – деді Украина сыртқы істер министрі.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп АҚШ-та туу арқылы азаматтық алуды шектемек

Атышулы блогер Перизат Қайрат ісіне Головкиннің қатысы қанша?

АҚШ Иранмен соғысты аяқтау туралы келісімге келді – Трамп