«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында еліміздегі электр стансаларын жөндеу жұмыстарына биыл 384 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Биылғы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады және оны станса иелері ең алдымен тозу деңгейі жоғары учаскелерді жаңартуға бағыттайды.

Қазіргі уақытта тәуекелдің «қызыл» аймағында тұрған бес жылу-энергетикалық нысан ерекше бақылауда. Олар – Семей, Орал және Тараз қалаларындағы жылу электр орталықтары (ЖЭО), Ақтаудағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1.

Үкіметтің мәліметінше, атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жыл соңына дейін электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланады

Ерлан Саиров руларды салыстыратын қауіпті үрдіс туралы айтты

Қазақстандықтар гранттардың әділетсіз бөлінуіне шағымданады: Оқу-ағарту министрлігінің жауабы