«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Электросамокатқа тәртіп орнайды: ІІМ қадағалауды күшейтті

Кикшеринг компаниялары да жауап береді — ІІМ самокат тәртібін күшейтпек

Электросамокат жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуына байланысты енді тек пайдаланушылар емес, кикшеринг компанияларының басшылары да жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Журналистердің самокат қолдану ережелері іс жүзінде сақталмайтыны туралы сұрағына жауап берген Сұлтанбаев, заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік тек жүргізушілерге ғана емес, қызмет көрсетуші компанияларға да жүктелетінін айтты.

«Самокат мәселесі бар, оны мойындауымыз керек. Бүгін біз кикшеринг компанияларының басшыларымен қосымша кездесу өткізбекпіз. Қазір басты мәселелер — жаяу жүргіншілер жолымен жүру және жылдамдықты асыру. Кикшеринг өкілдері бұған дейін, егер самокат тротуармен жүрсе, жылдамдығы 6 шақырымнан аспайды деп уәде берген еді. Алайда, бұл талаптар орындалып отырған жоқ. Сондықтан заң аясында компаниялар басшыларына шаралар қолданылады», — деді ол.

Комитет төрағасы самокат пайдаланушылары тек өздерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де қатер төндіретінін атап өтті.

«Қазір электросамокатпен қауіпсіз қозғалу мәселесі толық шешілді деп айта алмаймыз. Бірақ тәртіп орнатамыз. Сіздерге сөз беремін», — деді Сұлтанбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Молдова ТМД-дан біржола кетуге бет бұрды

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғауды күшейтеді

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

shyn_ar_admin