«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Алматыда Таиландтан екі чемодан есірткі тасымалдаған 22 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Алматыда Таиландтан есірткі алып келген 22 жастағы Қазақстан азаматына қатысты сот үкімі шықты. Жас қыз аса ірі мөлшердегі есірткіні ел аумағына заңсыз өткізгені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот материалдарына сәйкес, бойжеткен ақшалай сыйақыға қызығып, Таиландтан Қазақстанға жүк жеткізуге келіскен. Алайда өзі алып келген екі чемоданның ішінде заңсыз зат болған.

Алматы халықаралық әуежайына ұшып келген кезде оның жүгі тексеріліп, екі чемоданнан жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы табылған. Есірткі тәркіленіп, күдікті ұсталған.

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот азаматшаны аса ірі мөлшердегі есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдауға және заңсыз айналымына кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Санаулы күн қалды: ІІМ өкілі мопедтерді тіркеудің жаңа талаптары туралы айтты

Орыс тілінің қазақ тілімен тең деген мәртебесі алынып тасталмақ

Ауылдарда ит талаған баланың бәріне дер кезінде медициналық көмек жасалынбайды — Еділ Жанбыршин

Redaktor Shyn-Ar