Ержан Ерболұлы Ертаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ержан Ертаев 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол Инновациялық Еуразия университетін және Анхальт қолданбалы ғылымдар университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы жеке құрылымда электр механигі болып бастаған. Кейін Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында энергетика бөлімінің жетекші және бас маманы қызметтерін атқарған.
2013–2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде басқарманың бас сарапшысы және басшысы болды.
2015–2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерін басқарды.
2018–2020 жылдары ҚР Энергетика министрлігі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020–2021 жылдары Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.
2021–2022 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2022–2023 жылдары «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры болды.
2023–2024 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылғы шілдеден бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болды.
Ержан Ертаевтың жаңа қызметке тағайындалуы туралы шешім ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданды.
