«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратДенсаулық

Қант диабеті мен БЦП әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынып тасталады

Қазақстанда қант диабеті мен балалар церебралды сал ауруы (БЦП) енді әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына кірмейді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл диагноздар 2026 жылдың қаңтар айынан бастап тиісті тізімнен алынып тасталатынын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, аталған ауруларды емдеу енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кірмейді. Келесі жылдан бастап мұндай диагнозы бар азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысқан жағдайда ғана дәрігердің қабылдауына тегін бара алады және тегін дәрі-дәрмек ала алады.

Өзгерістер ревматизммен және дәнекер тіннің жүйелі ауруларымен ауыратын адамдарға да қатысты. Бұл ауру түрлері де әлеуметтік маңызы бар дерттер тізімінен шығарылмақ.

Жаңа тізімде тек 11 диагноз қалады. Олардың қатарында туберкулез, ВИЧ-инфекциясы, вирустық гепатиттер, онкологиялық және басқа да ауыр аурулар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда полиэтилен мен алкилат өндірісі іске қосылады

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar

5 жасар балалар TikTok-қа еркін тіркеліп жүр: Аймағамбетов үш өзекті мәселе көтерді