«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ
ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі соғыс салдарынан елге бас сауғалап келген 240 000-ға жуық украиналықты уақытша құқықтық мәртебесінен айыруды жоспарлап отыр. Бұл оларды депортациялау қаупін тудыруы мүмкін.

Басылымның жазуынша, бұл шешім АҚШ-та сәуір айында қабылдануы мүмкін. Дегенмен украиналықтарды қорғау шараларын тоқтату Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы өткен аптадағы жанжалдан бұрын басталған.

Дереккөздердің айтуынша, бұл – Трамп әкімшілігінің Байден билігі кезінде уақытша гуманитарлық бағдарламалар аясында АҚШ-қа кіруге рұқсат алған 1,8 миллионнан астам мигрантты легалдық мәртебесінен айыруға бағытталған әрекетінің бір бөлігі.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің баспасөз хатшысы Триша Маклафлин әзірге бұл мәселеге қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалмағанын айтты.

Алайда мигранттар жеделдетілген депортация процедурасына тап болуы мүмкін.  Бұл бағдарламалар 240 000 украиналықты, сондай-ақ 530 000 кубалық, гаитилік, никарагуалық және венесуэлалық мигранттарды қамтыған. Бұған қоса, 70 000-нан астам ауған босқыны да осы бағдарламалар арқылы АҚШ-қа келген.

Ұқсас жаңалықтар

Бақытжан Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшылығына тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу