«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы қабылдады.

Ерсайын Қайырғазиевич Нағаспаев еңбек жолында мемлекеттік басқару және көлік салаларында бірқатар жауапты қызмет атқарған. Әр жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде, Ресейдегі елшілігінде, Ақтау теңіз сауда портында және Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген.

2011–2013 жылдары Шахтинск қаласының әкімі, 2013–2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

2021 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басшылық қызметтерде еңбек етті.

2025 жылғы 28 ақпанда Президент Жарлығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2026 жылғы 3 қыркүйекте осы қызметке қайта тағайындалған еді.

Енді Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы ретінде қызметіне кіріседі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бір адам мойнына алмаса, бәрімізге қиын болады»: Абзал Шынасыл істі мойындау себебін түсіндірді

Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Бала туу азайып барады: БҰҰ дабыл қақты

Redaktor Shyn-Ar