«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Қостанай облысында 45 студент сабаққа қатыспағаны үшін оқудан шығарылды

Қостанай облысындағы Қазақстан агротехникалық колледжінде прокурорлық тексеріс жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, 45 студент сабаққа мүлде қатыспаса да, оқу орнындағы студенттер тізімінде тіркеліп келген. Соның салдарынан мемлекет қаржысы негізсіз жұмсалған.

Қарабалық ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында колледжде оқу процесін ұйымдастыру, мемлекеттік мүлікті басқару және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында кемшіліктерге жол берілгені анықталды.

Тексеру нәтижесінде сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылды. Сонымен қатар, өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жеті оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал колледж директоры қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, оқу орнында бес жыл бойы қалдық құны нөлге тең көлік құралдарын есептен шығару бойынша тиісті шаралар қабылданбағаны белгілі болды.

Прокуратура назарына 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайы да іліккен. Ғимараттың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар кемшілік анықталған.

Қазіргі уақытта пайдалануға жарамсыз мүлікті есептен шығару жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ жатақхананы жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Прокуратура білім беру саласындағы заңдылықтың сақталуын бақылау, студенттердің құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

«145 депутат 5 жылға сайланады»: Парламент Құрылтай туралы заңды қабылдады

Нұрмахан Оразбекке арналған ескерткіш тақта орнатылды

Redaktor Shyn-Ar

Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынбайды – Көлік министрі