«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі жаңғыртылады – Президент Комиссия құрамын бекітті

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойып, Президент жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті.

Жаңа комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағыттарын айқындау, реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеу және кешенді жоспар дайындау.

Комиссияның жұмыс органы ретінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді.

Құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет өкілдері, Құрылтай депутаттары, өңір әкімдері және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енді.

Комиссияны Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр басқарады. Төрағаның орынбасары болып Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев тағайындалды. Ал комиссия хатшысы – агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Комиссия отырыстарына қажет болған жағдайда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Жаңа құрылым мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және оны заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Кенесары ханға қатысты дау: студенттердің сөзі ел наразылығын туғызды

Шерзаттың өлімі: Күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар

Петропавл тұрғыны Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны үшін 6 жылға сотталып кетті