«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы
көрнекі сурет

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы жалған ақпарат таралып жатыр.

Хабарламаларда жүргізушілер жарамдылық мерзімі алдағы үш жылда аяқталатын жүргізуші куәліктерін 10 сәуірге дейін міндетті түрде ауыстыруы қажет екені айтылған.

Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының айтуынша, жүргізуші куәліктерін ауыстыру жоспарлы түрде жүргізіледі және қосымша шарттар мен қайта тапсыруды талап етпейді.

«Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Азаматтардан фейк ақпараттарға сенбеуді және тек ресми дереккөздерден ақпарат алуды сұраймыз», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кірді

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралады

Қазақтың 40 ою-өрнегі және олардың мағынасы

Пікір жазу