«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

ҚҚС шегі: үкімет жаңа шешімді жариялады

ҚҚС шегі: үкімет жаңа шешімді жариялады

Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті мән мен салық мөлшерлемесі анықталды. Бұл мәселе бойынша Үкімет пен депутаттар ымыраға келді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

9 сәуірде Мәжілісте жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралады. Серік Жұманғарин баяндама жасап, үкімет пен депутаттар ортақ тәсілдер әзірлей алғанын айтты.

«ҚҚС 16 пайыз болады (қазір 12 пайыз – еск.). ҚҚС бойынша шек 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленсін. Бұл біз келіскен ымыраның жемісі. Бірақ айта кетейін, осы фонда 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылып, шамамен 400 миллиард теңге қосымша кірісті жинай алмай қаламыз. Мұны не үшін айтып отырмын – кәсіпкерлеріміз Үкімет пен Парламент осындай ымыраларға баруға дайын екенін түсінсін»», — деді Жұманғарин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда жаңа ЖК (жеке кәсіпкер) ашу тәртібі қатаңдатылады. Тиісті нормалар дайындалған.

«Бұрын құқықбұзушылық жасағандар, сондай-ақ белсенді емес бірнеше ЖК-сы бар адамдар үшін жаңа ЖК ашу – күрделірек процесс болады», – деп қосты вице-премьер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық 7 футбол клубы сатылымға шығарылады

Бюджет қаржысын жымқыру ісі: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтерге сот үкімі шықты

Redaktor Shyn-Ar

Халыққа тегін берілетін 3 500 дәрінің 20-сына қауіпсіздік стандартына сәйкессіздік анықталды