«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚаржы

Тұрғын үйлер мен автокөліктер: Заңсыз микроқаржы ұйымын құрғандарға 32 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды

Тұрғын үйлер мен автокөліктер: Заңсыз микроқаржы ұйымын құрғандарға 32 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды
көрнекі сурет

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен 6 микроқаржы ұйымының басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

«Creditum», «Sofi Finance», «Hava Finance», «SF Offline», «POS Credit», «Сәлем Кредит» микроқаржы ұйымдарының заңсыз әрекеттері салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті. Олар 30 миллиард теңге залал келтірді.

Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kzKoke.kzTengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған”, – деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті.

Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 миллиард теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 миллиард теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

“Микроқаржы ұйымдарды құрғандар 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 миллион теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды”, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ елі белгілі этнограф Болат Бопайұлын ақтық сапарға шығарып салды

8 НАУРЫЗ – АНАЛАР МЕРЕКЕСІ ТАРИХЫ, ИДЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҰСТАНЫМДАР

Redaktor Shyn-Ar

Семейде соққыға жығылған баланың отбасына қазақстандықтар 24 млн теңге жинап берді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу