«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов күдіктілер қатарындағы жасөспірімге кешірім берді.

Бұл туралы Қаржаубай Нұрымов журналист Руслан Өтепбайдың Elmenbirge атты бағдарламасында мәлім етті.

«Ал жас балаға қатысты мен басында да айтқам, қазір де айтамын: кәмелетке толмаған баланың өміріне балта шапқым келмейді», — деді Нұрымов.

Журналистің ол жасөспірімге кешірім беруіңіз мүмкін бе деген сұрағына былай жауап берді:

«Мен кешірімді сол кезде бергенмін ол балаға, қазір де кешірім беремін», — деді Шерзаттың әкесі.

Еске салайық, кеше Талдықорған сотында Шерзат Полаттың өліміне қартысты сот басталды.

Прокурор Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар күдіктілердің аты-жөнін атады:

•Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы

• Сакиев Равил Магомедович

Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы

• Азкентай Дархан Байылханұлы

• Тоқтаубаев Нұрбол Мұратбекұлы

• Ілиясов Нұрқияс Төлекбекұлы

• Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы

• Қалиахмет Дидар Еркінұлы

• Ысқақ Думан Қайдарұлы

Шерзат Полаттың қазасы бойынша келесі сот отырысы 17 сәуірде өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары минусқа кетті: БЖЗҚ себептерін атады

Redaktor Shyn-Ar

«Өлсе, көрінде өкірсін»: Серікжан Біләштің марқұм Мұхтар Шаханов туралы айтылған сөз қоғамды дүрліктірді

Redaktor Shyn-Ar

«Ең жоғары лауазымды тұлға»: жаңа Конституцияда Қазақстан Президенті туралы не айтылған