«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам киік қырылған

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам киік қырылған
ашық дереккөзден

Биыл көктемде 21 400 киік қырылған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, киіктердің жаппай қырылуына жұқпалы ауру емес, табиғи себептер әсер еткен.

Бұл – табиғи құбылыс. Киіктердің өмір сүру ұзақтығы – орта есеппен 4-5 жыл. Кейбірі 8-10 жылға дейін өмір сүргенімен, қартайған, ауру-сырқау, әлсіз киіктер қыстың қатал жағдайына төтеп бере алмайды. Биыл өлекселер Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан табылды. Жалпы саны – 21 400. Соның ішінде ең көбі – 15 мыңға жуық киік Ұлытау облысынан анықталды. Ветеринарлық сараптама қорытындысы бойынша ешқандай қауіпті жұқпалы ауру табылған жоқ, – деді Нысанбаев Үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, киік санының артуы да бұл көріністі көзге анық байқатып отып. Бұрын да әр қыстан кейін белгілі бір бөлігі тіршілік ете алмай, табиғи сұрыпталу болатын.

Киіктердің аналық бөлігінің 10 пайызы жыл сайын табиғи түрде қырылып отырады. Ал желтоқсанда күйекке түскен аталықтары да әлсіреп, қыстан өте алмауы мүмкін. Биыл киік саны көп болғандықтан, бұл табиғи өлім көзге қатты көрініп отыр, – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазгидромет Алматы мен тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

shyn_ar_admin

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Астанадағы ақылы автотұрақтар: әкімдік компаниямен келісімшартты бұзады

Пікір жазу