«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Алматыдағы LRT құрылысы: Желінің қандай көшелермен өтетіні белгілі болды

Алматыдағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Бірінші желі Алатау ауданындағы индустриялық аймақтағы деподан басталып, Б. Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» вокзалы бағытымен өтеді. Соңғы станция «Райымбек батыр» көлік-ауысу торабы маңында орналасады.

Қазір Б. Момышұлы мен Төле би көшелерінде құрылысқа дайындық және инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоба бойынша барлығы 375 инженерлік желіні көшіру көзделген.

LRT желісі толықтай жерүсті бағытта салынады. Эстакада қарастырылмаған. Іске қосылғаннан кейін Б. Момышұлы мен Төле би көшелерінің ортаңғы екі жолағы LRT қозғалысына беріледі.

Пойыздардың ең жоғары жылдамдығы 65–70 км/сағ, ал орташа қозғалыс жылдамдығы 30–35 км/сағ болады.

Әкімдік мәліметінше, іске қосу мерзімі жылжымалы құрамды дайындау және жеткізу кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды

Қытай азаматтары Қазақстанда заңсыз алтын өндірді деген күдікке ілінді

Астанада ерекше баланы балағаттаған әйел іздестіріліп жатыр