«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

1 маусымнан бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады?

1 маусымнан бастап айыппұл салынады: Қазақстандық жүргізушілер не білу керек
ашық дереккөзден

1 маусымнан бастап қысқы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады – жүргізушілерге айыппұл қарастырылған

1 маусымнан бастап Қазақстанда көлік құралдарына қысқы дөңгелекпен жүруге тыйым салатын заң күшіне енеді. Бұл талап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-тармағына сәйкес реттеледі.

Яғни техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сай келмейтін, пайдалану кезінде тыйым салынатын ақауы бар көлік құралын басқарған жүргізушілер жазаға тартылады.

Қандай айыппұл қарастырылған?

  • Қысқы дөңгелекті уақтылы ауыстырмаған жүргізушілерге 5 АЕК мөлшерінде (2025 жылы – 19 145 теңге) айыппұл салынады.

  • Егер құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін, яғни 76 580 теңгеге дейін ұлғаяды.

Неге тыйым салынып отыр?

Жаз мезгілінде тікенекті (шипованная) қысқы дөңгелектерді қолдану жол жабындысына зиян келтіреді. Ыстық ауа райында олар асфальтты зақымдап, жолға артық қысым түсіреді. Сонымен қатар:

  • Қысқы дөңгелек жоғары температурада жұмсарып, тез тозады;

  • Жанармай шығыны артады;

  • Көлікті басқару қиындайды.

Қысқы дөңгелектерді қашан ауыстыру керек?

Заң бойынша, тікенекті қысқы дөңгелектерді 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қолдануға рұқсат етілген. Бірақ нақты уақыт өңірдегі ауа райына байланысты анықталады. Жазғы дөңгелекке ауысу үшін орташа тәуліктік температура тұрақты түрде +5°С шамасында болуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Право Каким будет налог на транспорт согласно новому Налоговому кодексу

Дамир Оразбаев

Руслан Берденов басқа қызметке ауысуына байланысты Парламенттен кетті

Redaktor Shyn-Ar

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу