«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратБілім

100 мұғалімге грант берілетін болды

Шымкент қаласында білім беру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және саланы заманауи талаптарға бейімдеу мақсатында 2027 жылға дейін «Сапалы білім» жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Жоба аясында білім сапасын мониторингтеу мен талдаудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, оқушылардың функционалдық, зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға басымдық беріледі.

Сонымен қатар педагогтерге арналған арнайы конкурс жарияланады. Байқау өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби дамуға ұмтылатын мұғалімдерді қолдауға бағытталған.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған 100 педагогке Шымкент қаласы әкімінің арнайы гранты табысталады. Бұл гранттар мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибесін жетілдіруге және білім сапасын көтеруге арналған.

Аталған бастама ұстаз еңбегін бағалауға, педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасауға және қаладағы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

12 мыңға жуық бала Ұлттық қордан түсетін ақшадан айырылған

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғауды күшейтеді

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС құрылысы жақында басталатынын мәлімдеді