«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратМәдениет

Алматыда 18 мамырда музейлер түнде тегін ашық болады

18 мамыр — Халықаралық музей күні: Алматыда түнде ашық болатын музейлер
ашық дереккөзден

16–18 мамыр күндері Алматыда дәстүрлі халықаралық «Музей түні – 2025» мәдени шарасы өтеді. Бұл акция аясында музейлер келушілерді кешкі және түнгі уақытта тегін қабылдайды.

18 мамыр күні сағат 10:00–00:00 аралығында келесі музейлерге кіру тегін:

  • Алматы музейі

  • Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

  • Дінмұхамед Қонаев музейі

  • Сәбит Мұқановтың үй-мұражайы

  • Ғабит Мүсіреповтің үй-мұражайы

  • Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайы

  • Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығы

Кеш барысында театрландырылған экскурсиялар, квесттер мен қойылымдар өтеді:

  • «Алматы – менің махаббатым» – Алматы музейі

  • «Мөлдір махаббат» – С. Мұқанов музейі

  • «Ария Қыз Жібек» – Ғ. Мүсірепов музейі

  • «Адалдық — асыл қасиет» – Д. Қонаев музейі

16 мамырда Алматы музейінде Венгрияның «Матё халық өнері» атты халықаралық көрмесі ашылады. Кешке әнші Еркеш Хасен мен Ернар Амандық өнер көрсетеді.

Қастеев музейі бұл шараны Әбілхан Қастеевтің 90 жылдығына арнайды.
18 мамыр бағдарламасы:

  • 14:00–16:00 – балаларға арналған шығармашылық шаралар

  • 16:00–00:00 – ересектерге: көрмелер, экскурсиялар, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарлама

Орталық музей шараны 17 мамырда 18:00–23:00 аралығында өткізеді. Сирек жәдігерлер көрмесі, шеберлік сабақтары мен концерттер ұйымдастырылады.

Назар аударыңыз! Жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрғиса Тілендиев музейі 18 мамыр күні жұмыс істемейді.

Ұқсас жаңалықтар

Бішкектегі мектепке Кемел Тоқаевтың есімі беріледі

Redaktor Shyn-Ar

СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдайға пікір білдірді

Жанат Бақыт: «Қазақи киімді тек наурыздың 22-сі күні киетін әрекетіміз ұнамайтын»

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу