«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

АҚШ Украинаға қайтадан әскери көмек бермек

АҚШ Украинаға қайтадан әскери көмек бермек
ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Министрлер кабинетінің отырысында журналистерге берген сұхбатында Трамп былай деді:

— Біз қорғаныс қаруын жеткізгіміз келеді, өйткені Путиннің адам өміріне деген көзқарасы дұрыс емес. Ол тым көп адамды өлтіріп жатыр. Сондықтан біз Украинаға кейбір қорғаныс қаруларын жіберіп жатырмыз, мен бұл шешімді мақұлдадым, — деді АҚШ басшысы.

Трамп Ресей президенті Владимир Путинге ренішін білдіріп, қосымша санкциялар енгізу мәселесін қарастырып жатқанын атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні қаруды қабылдау жұмыстарын қамтамасыз ету туралы тапсырма бергенін хабарлады. Ол қорғаныс министрі мен бас қолбасшыға америкалық тараппен барлық байланысты жандандыруды бұйырды.

Зеленский Украинаның әуе кеңістігін қорғау – «ең басты міндет» екенін жазды. Ол өткен аптада ресейлік күштердің 1000-нан астам ұшқышсыз ұшақ, 39 зымыран және шамамен 1000 басқарылатын бомба қолданғанын атап өтті.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік шенеуніктерге АҚШ-тың Украинаға қандай қару-жарақ жіберетінін қарастыруға уақыт қажет екенін айтты. Ол Трамптың тікелей келіссөз жүргізу әрекетін қолдағанымен, АҚШ санкцияларын «заңсыз» деп сынға алды.

Трамп Ресей мен Украина арасында делдал болуға талпынғанымен, Мәскеудің жеңілдік жасауға ниеті жоқ екенін көріп, өзінің күш-жігерін тоқтату мүмкіндігін ескертті. Осы аптада Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Ұқсас жаңалықтар

Әнипа Назарбаеваның компаниясының мемлекет алдындағы салық қарызы 92 млрд теңгеден асты

Алматы әлемдегі ең ерекше бес қаланың қатарына енді

Назарбаевтар зиратындағы жаңа қабір қоғамда сұрақ тудырды – әкімдік түсініктеме берді