«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлем

Алматы әлемдегі ең ерекше бес қаланың қатарына енді

Алматы Испанияның беделді туристік Viajar журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ерекше бес қаланың қатарына кірді. Басылым Алматыны тау баурайында орналасқан және қала орталығынан тау шаңғысы трассаларына қысқа уақыт ішінде жетуге болатын бірегей мегаполис ретінде атап өткен.

Жарияланымда Алматы белсенді әрі танымал қысқы туризм орталықтары — Инсбрук, Гренобль және Зальцбург қалаларымен қатар көрсетілген. Авторлар 3000 метрден астам биіктікке көтеретін Шымбұлақ тау-шаңғысы курортына және әлемдегі ең биік тауда орналасқан ашық мұз айдыны — Медеуге ерекше назар аударған.

Сонымен қатар мақалада Алматының табиғи көркі, бай мәдениеті мен гастрономиялық мүмкіндіктері туристер үшін тартымды бағыт екені атап өтіледі.

Айта кетейік, Viajar журналы 1978 жылдан бері жарық көріп келеді және Испаниядағы жетекші туристік медиа басылымдардың бірі болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар әскери дайындықтан тұрғылықты жерінде өте алады

Шымкентте театрға бөлінген 136 миллион теңге бюджет қаражаты жымқырылды

Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді