«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылдан бастап өзгереді

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасының қашан өзгеретіні белгілі болды. Зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылы зейнет жасы өзгеріссіз қалады: ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас.

Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 2027 жылдың соңына дейін сақталады. Ал 2028 жылдан бастап зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғаяды — жыл сайын алты айға өсіп отырады:

  • 2028 жылдан бастап – 61,5 жас;

  • 2029 жылдан бастап – 62 жас;

  • 2030 жылдан бастап – 62,5 жас;

  • 2031 жылдан бастап – 63 жас.

Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы теңесіп, 63 жас болады.

Сонымен қатар кейбір азаматтар зейнетке ертерек шығуға құқылы. Әлеуметтік кодекстің 207-бабына сәйкес, жекелеген санаттар үшін жеңілдетілген зейнет жасы қарастырылған.

Бұдан бөлек, зейнетақы аннуитеті тетігі бар. Ол жеткілікті жинақ болған жағдайда сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасасып, зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы ай сайын төлем алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар 10%-ға артқаны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын жариялады

Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр жауап берді

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз