«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Шерзат Полат ісі қайта қаралатын болды

Сол істің фигуранттарының бірі – Д.К. Ысқақ қамаудан босатылды

18 тамыз күні сағат 11:00-де Шерзат Полат пен басқа сотталғандарға қатысты апелляциялық сот отырысы өтетіні ресми түрде хабарланды.

Еске салсақ, бірінші инстанцияның үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген еді. Алайда сотталғандар белгіленген мерзімде апелляциялық шағым берген.

Сол іс бойынша фигуранттардың бірі – Д.К. Ысқақ қамаудан босатылып, сот оның бұлтартпау шарасын жойды.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс қайта қаралатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Қытаймен бірлесіп үш ірі электр станциясы салынады

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды

Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Redaktor Shyn-Ar