«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратБілімҚоғам

Алматыда бойжеткен ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кеткен

ҚазҰУ ғимаратында қайғылы жағдай тіркелді

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентіне қатысты қайғылы оқиға орын алған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған оқиғаны растады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

«Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша (өзіне қол жұмсауға итермелеу) қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – отбасылық жағдайларға байланысты болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, полиция өкілдері азаматтарды расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Тіл мәртебесіне қатысты пікір білдірген журналистен жазбасын өшіру талап етілді

Redaktor Shyn-Ar

Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары — Тоқаев

shyn_ar_admin

Экс-вице-министрлердің үйінен 200 миллион теңге табылды