«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Бишімбаевтың інісінің жаза мерзімі қысқарды

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды

Степногорск қалалық соты «Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, сотталған Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ҚАЖ мекемесінің ұсынысын қарады.

Соттың анықтауынша, 2024 жылдың 13 мамырында Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Сот бұл ұсынысты келесі негіздер бойынша қанағаттандырды: ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабының 2-бөліміне сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, негізгі жазаның өтелмеген бөлігі немесе мөлшері залал толық өтелген жағдайда немесе залал болмаған жағдайда ауыр қылмыстар бойынша үштен бір бөлігіне дейін қысқартылуы мүмкін.

Сот үкімімен Бақытжан Байжановтан өндіріп алынған мәжбүрлі төлем мен іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелді. Осы негізде сот қаулысымен Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс қанағаттандырылды.

Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес оның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі қысқартылып, бас бостандығынан айыру мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күнге дейін төмендетілді.

Айта кетейік, сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Байжанов биыл 9 шілдеде Степногорск аудандық сотына рақымшылық жасау туралы өтінішпен жүгінген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ChatGPT-ге кіру қиындай ма: жасты селфи арқылы растау енгізіледі

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ

Redaktor Shyn-Ar

Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ-ның тізгінін уақытша ұстады