«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСот

Русофобиямен күресемін деген блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Көкшетаулық блогер Аслан Төлегеновке Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша – ұлт араздығын қоздырды деген айып тағылды. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Желіде «Северный казах» лақап атымен танымал Төлегенов бұған дейін өзін русофобияға қарсы күресуші ретінде көрсетіп жүрген. Ол 6 шілде күні TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынған болатын.

Сот отырысында Төлегенов өз кінәсін жартылай мойындаған. Ал адвокаты оның әрекетінде құқық бұзушылық құрамы жоқ екенін айтып, істі тоқтатуды сұраған. Алайда сот шешімімен блогер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қамауға алынды.

Аталған жағдайдан кейін оқиға қылмыстық сипат алып, Төлегеновке қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша іс қозғалды. Іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеуіне беріліп, блогер екі айға қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына (СИЗО) ауыстырылды.

Ресми органдар тергеу мәліметтерін әзірге жария еткен жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс тікелей эфир кезінде айтылған сөздерге байланысты қозғалған болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

Redaktor Shyn-Ar

Шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады: Тоқаев заңға қол қойды

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar