«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» деп атағандарға жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» деп атағандарға жауап берді.

«Елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін. Ал халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек. Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде «Заң мен тәртіп» саясатын жүргіземіз», – деді Тоқаев Алматы облысына жасаған сапарында.

Айтуынша, қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды.

Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек, деген президент.

Бұған дейін «Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев Қазақстанды «Штрафстан» деп атаған. Депутат артынша бұл әрекетінің дұрыс болмағанын айтқан еді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар құрбан шалуды онлайн тапсыра алады

Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп келеді – Балаева

Алматыдағы жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша ақы төлейді – СІМ жауап берді

Redaktor Shyn-Ar