«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Несием бар, сонда да жетеді»: Еңбек министрі ай сайын алатын жалақысы қанша екенін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутаттардың жалақысын көтеру мәселесі бойынша ешқандай ұсыныс түспегенін және бұл тақырыптың үкімет деңгейінде талқыланбағанын айтты.

Журналистердің «депутаттардың жалақысын арттыру қарастырылып жатыр ма?» деген сұрағына министр:

“Мұндай өтініш түскен жоқ. Бұл мәселе талқыланған жоқ”, – деп жауап берді.

Үкімет брифингінде министрден өзінің айлық табысы туралы да сұралды. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, оның жалақысы шамамен 1,2 миллион теңге.

Ол бұл қаражаттың отбасының қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге жететінін атап өтті.

“Иә, жетеді. Менің төрт балам және жұбайым бар. Екі балам есейген, өз күндерін өздері көріп жатыр. Несиелерім де бар. Соған қарамастан, жалақым отбасымды қамтамасыз етуге жетеді”, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет қайта қаралатыны туралы хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Венесуэла оппозициясының көшбасшысы өзін президент деп жариялап, армияға үндеу жасады

МӘМС-ке ақша төлемеген, емханада тіркеуде жоқ азаматтар не істейді?

Redaktor Shyn-Ar

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті