«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Украина Үкіметінде үлкен өзгеріс: Зеленский премьердің отставкасын жариялады

Зеленскийдің сөзінше, кадрлық өзгерістер елдің саяси стратегиясын қайта қарауға және Украинаның негізгі бағыттарын күшейтуге бағытталған. Президент Свириденкоға премьер-министр қызметіндегі жұмысы үшін алғыс білдіріп, оның халықаралық серіктестермен байланыс орнатуға бағытталған жаңа мемлекеттік міндет атқаратынын жеткізді.

Әзірге жаңа премьер-министрдің кандидатурасы мен Свириденконың болашақ қызметі ресми түрде жарияланған жоқ.

Юлия Свириденко өз кезегінде Үкімет басшысы қызметін атқарғанын мақтан тұтатынын айтып, Украина мүддесі үшін жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Украина заңына сәйкес, Үкімет құрамындағы өзгерістерді Жоғарғы Рада бекітуі тиіс. Сарапшылар парламент бұл шешімді қолдауы мүмкін деп санайды.

Үкіметтегі өзгерістер Ресейдің Украинаға жасаған кезекті шабуылдары туралы хабарлар аясында жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, Днепропетровск облысындағы соққылардан кемінде үш адам қаза тауып, Херсон қаласында дрон шабуылынан бір тұрғын көз жұмған.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайға қарсы наразылыққа шыққан белсенділер 5 жылға дейін сотталды

Air Astana және FlyArystan жанармай туралы жалған мәлімет бергені үшін айыппұл төледі

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС құрылысы жақында басталатынын мәлімдеді