«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

«7-20-25» бағдарламасы: Алаяқ Instagram арқылы 25 адамға «баспана әперемін» деп алдап соқты

Астанада «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы баспана алып беруге уәде етіп, Instagram желісі арқылы 25 азаматты алдаған ер адам сотталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 30 жастағы азамат 2021–2025 жылдар аралығында өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Ол тұрғын үй алуға көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция салуды ұсынамын деген сылтаумен ірі көлемде ақша алған. Алайда уәделерін орындамай, қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Алаяқтың әрекетінен 25 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық шығын 95 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының барын, келтірілген залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде зейнеткер алаяқтарға 1,3 миллион теңге аудармақ болған сәтте құтқарылды

Redaktor Shyn-Ar

Конституциялық комиссия құрылады: Тоқаев Жарлыққа қол қойды

Зейнетақы жинағын тұрғын үй алу үшін пайдалануға бола ма?

Redaktor Shyn-Ar