«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратЗаң

Тоқаев тағы бір заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға бағытталған заңға қол қойды. Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

Заңға сәйкес, Қазақстан ішінде тур сатып алған кезде балаларға арналған әуе билеттерінің құны субсидияланады. Бұл шара кәмелетке толмаған жолаушылардың ішкі рейстерін қолжетімді етуге бағытталған.

Бұған дейін депутат Никита Шаталов аталған заң уәкілетті органға қосымша қолдау тетіктерін енгізу құқығын беретінін айтқан. Оның ішінде балаларға арналған әуе билеттерін субсидиялайтын туристік пакеттер қарастырылған.

Сонымен қатар заңда Қазақстанға шетелден келетін туристер үшін туроператорлардың шығындарын ішінара өтеу тетігі енгізілген. Бұл бастама кіріс туризмін дамытуға және экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, құжат балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мәртебесін қосымша білім беру ұйымдары ретінде бекітеді. Олар үшін мемлекеттік тапсырыс, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі және қаржыны бөлудің бірыңғай ережесі енгізіледі.

Сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында деректерді есепке алу мен мониторинг жүргізу үшін арнайы цифрлық платформа құру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Аяғынан айырылған қызға автопарк өмір бойы көмек береді

Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды

Ерлан Саиров руларды салыстыратын қауіпті үрдіс туралы айтты