«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Көрнекі сурет

Жерасты дүмпулері ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 3 наурызда Астана уақытымен 11:05-те тіркелген.

«Эпицентр Алматыдан 122 шақырым оңтүстік-батыста, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. Магнитудасы MPV – 4,3», – делінген хабарламада.

ТЖМ Қазақстанда жерасты дүмпулері сезілмегенін мәлімдеді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Ала-Баш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Ала-Баш және Туура-Суу ауылдарында – 2,5 балл.

Ұқсас жаңалықтар

«Дарханға ренжулі едім»: Азамат Тоқтаубаев тергеуде жалған мәлімет бергенін мойындады

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары — Тоқаев

shyn_ar_admin

Пікір жазу