«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметәскер

Әскерге күштеп әкету туралы: Қорғаныс министрінің орынбасары түсініктеме берді

"Бұл – оның борышы": Қорғаныс министрінің орынбасары әскерге көшеден ұстап әкету жағдайына пікір білдірді
ашық дереккөзден

«Бұл – оның борышы»: Қорғаныс министрінің орынбасары әскерге көшеден алып кету туралы пікір білдірді

Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов әскерге көшеден күштеп алып кету жағдайларына қатысты пікір айтты.

«Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар бар. Бұған жол беруге болмайды. Бірақ Қазақстан Конституциясына сәйкес, әскери қызмет – ерікті емес, әр азаматтың міндеті және борышы. Егер азамат оны орындамаса, заң аясында шара қолданылуы керек», – деді ол.

Журналистер министрлік өкілінен «Көшеден еркінен тыс әкеткен қызметкерлерге қандай шаралар қолданылып жатыр?» деп сұрады. Камалетдинов бұл сұраққа:
«Иә, ондай жағдайлар болған. Егер азамат өз құқығы бұзылды деп есептесе, сотқа жүгінуге құқылы. Мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары және Бас штаб бастығы болып тұрған кезде мұндай жағдайлар тіркелген жоқ», – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Сұлтан Камалетдинов жастардың әскерден неге қорқатынын түсіндірген болатын. Оның айтуынша, бұл қорқыныш бала кезден қалыптасып, отбасы, балабақша мен мектептегі тәрбиемен байланысты. Сонымен қатар жастардың жайлы өмірге үйреніп қалғаны да себеп болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

В Казахстане сужают дороги

Сара Алпысқызы тірі: Қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу