«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Астанада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайтын болды

Елордада 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан “Сергек” жобасы биыл 13 наурызда аяқталады. Бұл туралы Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәслихат отырысында мәлімдеді.

“Сергектің” орнына Астанада жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесі іске қосылады.

Дидар Сүлеймановтің айтуынша, жаңа жоба G42 холдингіне кіретін халықаралық Presight компаниясымен (БАӘ) бірлесіп жүзеге асырылады.

Жаңа жобаны әзірлеу кезінде қазіргі жүйенің кемшіліктері ескерілді. Атап айтқанда, аппараттық-бағдарламалық кешеннің үздіксіз жұмыс істеуі үшін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар жүйенің негізгі элементтері, соның ішінде жалпы бейнебақылау камералары, оптикалық байланыс желісіне қосылады. Бұл бейнеағынды тұрақты түрде беруге мүмкіндік береді, – деді Дидар Сүлейманов.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ

Redaktor Shyn-Ar

USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Redaktor Shyn-Ar

Метрода пранк жасаған блогерлер жауапқа тартылмақ

Пікір жазу