«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТаным

БАТЫРҒА ЖАСАЛЫНҒАН ҚИЯНАТ БҰЛАЙ КЕТПЕУІ КЕРЕК

«Қазақ әдебиеті» газетінің 9 мамыр 2025 жылғы №18 санында «Ұлы Жеңіске 80 жыл» айдарымен «БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 31 САҒАТТЫҚ ӘҢГІМЕ-ДӘРІСІ» атты мақала жарияланды. Авторы: Жазушы Мұхтар ҚАЗЫБЕК, педагог, психолог Қарлығаш ҚАЗЫБЕКОВА. Мұнда Ұлы қолбасшының 1943 жылдың аяғында Алматыға қысқа мерзімді демалысқа келгенінде Мұхтар Әуезовтің ұсынысымен Ғылым академиясында оқыған лекциясына байланысты оқиға өрбітіледі. Бұл кездесуді Қаныш Сәтбаев жүргізіпті. Дәріс Ұлы Отан соғысының 1941 жылғы ноябрь, декабрь айларында жүргізген ауыр шайқастарда бес рет жаудың қоршауын бұзып, жауынгерлерін шығынсыз алып өткен батальон командирінің әскери тактикасы, айла-тәсілінен бастау алады. Арғы жағын созбаламайын, сөздің тоқетерін айтайын. Осы мақаланың соңында былай ой қорытылады: «Б. Момышұлы командир ретінде генералдық қызмет атқарса да, шовинистік пиғылдылардың жолына кесе көлденең жатып алуы салдарынан генералдық шенге ие бола алмады. Ұлы тұлғаға көрер көзге қиянат, тарихи әділетсіздік жасалынды, ондаған жылдар бойы әскери шені өсірілмеді, содан амалсыз отставкіге кетті. Баукең әскери ойлау деңгейі жағынан генерал түгілі маршалдық деңгейдегі иетеллектуалды тұлға болатын». Менің айтарым –Бауыржан МОМЫШҰЛЫНА арадағы пәленбай жылдан соң БАТЫР атағы беріліп еді ғой, сол жолмен бақилық болса да ГЕНЕРАЛ атағын беру керек деп есептеймін. Нағыз әділеттілік осы! Бұл пікірімді барша халық қолдайды, Мемлекет басшысы нақты шешім шығарады деп ойлаймын. Ал кәні, кім не дейді?

Жазушы Нұрмахан Елтайдың фейсбуктағы жазбасынан алынды

Ұқсас жаңалықтар

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Бішкектегі мектепке Кемел Тоқаевтың есімі беріледі

Redaktor Shyn-Ar

АЭС – болашақ энергиясы: Хайрушев заманауи реактордың артықшылықтарын атады

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу