«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Бос жұмыс орындары — 2025: кімдерге сұраныс жоғары, мамандар қай аймаққа қажет

Бос жұмыс орындары - 2025: кімдерге сұраныс жоғары, мамандар қай аймаққа қажет
көрнекі сурет

2025 жылы Қазақстанда еңбек нарығы қарқынды дамиды – ЕРДО болжамы

2025 жылы Қазақстанның еңбек нарығында бос жұмыс орындарының саны 1,2 миллионға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (ЕРДО) хабарлады. Болжам базалық, оптимистік және пессимистік үш сценарий бойынша жасалған. Базалық сценарийге сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 8%-ға артады.

Аймақтар бойынша сұраныс көшбасшылары:

  • Астана – 102 мың бос жұмыс орны

  • Алматы – 84 мың

  • Түркістан облысы – 79 мың

  • Қарағанды облысы – 75 мың

  • Атырау облысы – 74 мың

Білікті мамандарға сұраныс жоғары өңірлер:

  • Астана – 102 мың

  • Алматы – 82 мың

  • Павлодар және Қарағанды облыстары – 55 мыңнан

2025 жылы ең сұранысқа ие білікті мамандықтар (топ-10):

  1. Қоғамдық пәндер мұғалімдері – 29,5 мың

  2. Орта медициналық қызметкерлер – 23,3 мың

  3. Мектепке дейінгі тәрбиешілер – 22,0 мың

  4. Ауыр науқастарға күтім жасайтын қызметкерлер – 19,2 мың

  5. Бастауыш сынып мұғалімдері – 17,0 мың

  6. Бала күтушілер – 15,8 мың

  7. Күзетшілер – 15,2 мың

  8. Жаратылыстану пәні мұғалімдері – 15,1 мың

  9. Жеңіл автокөлік жүргізушілері – 14,3 мың

  10. Математика пәні мұғалімдері – 13,1 мың

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары өңірлер:

  • Павлодар облысы – 30 мың

  • Қарағанды облысы – 23 мың

  • Қостанай облысы – 22 мың

  • Шығыс Қазақстан облысы – 20 мың

2025 жылы ең сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар (топ-10):

  1. Орта медициналық қызметкерлер – 23,3 мың

  2. Қазандық және бу машиналарының операторлары – 10 мың

  3. Құрылыс-монтаж жұмысшылары – 9,1 мың

  4. Слесарь-жөндеушілер – 9,1 мың

  5. Газбен кесушілер – 8,9 мың

  6. Автобус жүргізушілері – 7,6 мың

  7. Электр станциялары операторлары – 6,7 мың

  8. Сантехниктер – 6,4 мың

  9. Трактор жүргізушілері – 6,2 мың

  10. Жүк көлігі жүргізушілері – 5,8 мың

Ұқсас жаңалықтар

Qazaq Air әуекомпаниясының атауы өзгереді

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда электр энергиясының тарифтері қымбаттамақ

ШҚО-да тағы екі аудан «өз уақыт белдеуіне» көшті

Пікір жазу