«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Алматы қаласына жаңа мәртебе беріледі

Алматы қаласына жаңа мәртебе беріледі https://kaz.inform.kz/news/almati-kalasina-zhana-martebe-berled-343c48/
ашық дереккөзден

Маусым айынан бастап Алматы қаласы ресми түрде Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы мәртебесіне ие болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы түркі елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп атап өтті.

– Қазақстан түркі мемлекеттерімен байланысын тереңдету мақсатында бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды. Жақын арада ұйым жанынан Тұрақты өкілдік ашу жоспарда бар, – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев келесі бастамаларға да назар аударды:

  • 11–12 маусымда Астанада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді;

  • Ақтау қаласы 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды;

  • Қазақстанның бастамасымен Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылып, алғашқы отырысы Түркістанда өтті.

– Алматының жастар астанасы мәртебесін иеленуі – түркі бірлігін нығайту жолындағы маңызды қадам, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Дорога в обход Тараза станет платной с 5 мая 2025 года

Қала үстінде жойғыш ұшақтар ұшады»: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

«Күн сайын ақша сұрап хабарласқан» – Өскеменде қаза тапқан сарбаздың жақындары әділдік іздеп отыр

Redaktor Shyn-Ar