«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеуметСаясат

Еліміздегі барлық шахталарды тексеру қажет — Мақсат Толықбай

Еліміздегі барлық шахталарды тексеру қажет - Мақсат Толықбай
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Жомарт кенішіндегі апатқа қатысты пікір білдірді.

— Қаза болған 7 кеншінің обалы кімге? Мұндай жағдай қайталанбасына кім кепіл? «Қазақмыс» шахталарында осы кезге дейін қаншама апат болды. Олардың себебі техниканың тозуы ма, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы ма анықтау керек. Осы Мәжіліс қабырғасында бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кейбір мемлекетте мұндай жағдай болса, компания басшылығы елдің алдына шығып, кешірім сұрар еді. Біздегі жағдайды көріп отырсыздар, сондықтан мұны түбегейлі бақылау керек. Тек «Қазақмыс» емес, барлық шахтадағы қауіпсіздіктің сақталу мәселесін тексеру қажет. Себебі мұндай апаттың қайталанбасына еш кепілдік жоқ. Осы орайда тергеу нәтижесін күтейік, қазір Үкіметтік комиссия да құралды, жауаптылар міндетті түрде жазаға тартылуы керек, — деді ол.

Айта кетейік, қазіргі кезде Үкіметтік комиссия аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған.

дереккөз: baq.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазгидромет Алматы мен тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

shyn_ar_admin

Алматыда үш бірдей қаржы пирамидасы әшкере болды

Redaktor Shyn-Ar

Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды

Пікір жазу